Сәбит Ахметов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына басшы болып тағайындалды

712

Сәбит Мейрамұлы Ахметов ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Сәбит Ахметов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына басшы болып тағайындалды Фото: khabar24.kz

Сәбит Ахметов 1979 жылы 22 қаңтарда дүниеге келген.

2000 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітіріп, "заңгер"мамандығын алды.

2021 жылы "International Master in Public Procurement Management" бағдарламасы бойынша Тор Вергата Рим университетінің магистратурасын аяқтады.

С.Ахметов әр жылдары ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаменті басқармасының басшысы, заң қызметі департаментінің директоры, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің квазимемлекеттік сектор және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің және ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Ішкі әкімшілік департаментінің басшысы, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

ӘМСҚ ұжымына жаңа басшыны ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев таныстырды.

Ол қазіргі уақытта қор басшысының алдында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеті тұрғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу