Сәбізді экспорттауға ешқандай тыйым салынбаған – ҚР АШМ

789

Аталмыш өнімді шетелге шығару үшін фитосанитариялық сертификаттарды беру штаттық режимде жүргізілуде.

Сәбізді экспорттауға ешқандай тыйым салынбаған – ҚР АШМ

ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті сәбізді экспорттауға ешқандай тыйым салынбағанын хабарлайды.

Ал сәбіз экспорттағысы келетін кәсіпкерлер фитосанитариялық сертификат алу үшін комитеттің облыстық аумақтық бөлімшелеріне жүгінуі қажет. 

"Фитосанитариялық сертификаттар беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен регламентіне сәйкес жүргізіледі.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Барлық қажетті тексеру процедураларының атқарылуына және сәбіздің фитосанитарлық жағдайына қарай кәсіпкерлер сертификаттар ала алады",– деп хабарланды комитеттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу