Садақ ату федерациясы биылғы маусымды қорытындылады

2284

Келесі жылы өтетін лицензиялық жарыстар алдындағы жоспарлары туралы айтты.

Садақ ату федерациясы биылғы маусымды қорытындылады

Биыл садақ ату спортынан тұңғыш рет Қазақстан чемпионаты өтті. Ұлттық біріншілік Астана қаласында ұйымдастырылды, деп жазады Olympic.kz.

2018 жылдың 3-8 наурызы арылығында Таиландтың Бангкок қаласында садақ атудан Азия кубогі өтті. Аталған сында блоктық түрден Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлде жеңіп алды. Біздің құрама сапында Виктория Лян, Адель Жексенбинова мен Диана Макарчук сынға түсті. 

Барлық ұлттық федерациялар секілді, садақ атушылар үшін де жылдың ең маңызды додасы Джакартадағы Азия ойындары болатын. Өкінішке қарай, Азиада біздің мергендер үшін медальсіз аяқталды. Дегенмен, Ильфат Абдуллин классикалық түрде садақ атудан олимпиадалық айналымда 4-ші нәтижені көрсетті. Бұл қазақстандық садақ атушылар үшін үлкен көрсеткіш. 

2018 жылғы маусымда жалпы есебі 7 оқу-жаттығу жиыны өтті. 

Жаңа жылдан бастап садақ атудан Қазақстан құрамасы лицензиялық турнирлерге дайындалады. 

Атап айтар болсақ, Олимпиадаға жолдама үлестіретін әлем чемпионаты Голландияның Хертогенбос қаласында, маусымның 07-16 аралығында өтеді. Әлемдік дода алдында АІВА-дағы бокс академиясы базасында оқу-жаттығу жиыны өтпекші. 

Лицензиялық Азия чемпионаты қараша айында Таиландың Бангкок қаласында өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, келесі жылы мергендеріміз әлем кубогі кезеңдері мен Универсиада ойындарына қатысады. 

Олимпиада ойындарының қарсаңында Қазақстан мен Жапония құрамаларының бірлескен оқу-жаттығу жиыны да жоспарда бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу