Садақ ату халықаралық федерациясы ресми мәлімдеме жасады

1496

2020 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына іріктеу кезеңіне халықаралық жарыстардың 30 сәуірге дейін уақытша тоқтатылуы кері әсерін тигізуде. 

Садақ ату халықаралық федерациясы ресми мәлімдеме жасады

Садақ ату халықаралық федерациясы Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңінің COVID-19 вирусының таралуына байланысты жарыстардың тоқтатылғанына негізгі екі ұстанымды атады; жеп хабарлайды olympic.kz.

Олар: Олимпиада ойынындарында садақ ату жарысы бойынша құрлық өкілдерінің әртүрлілігін сақтау және Токио Олипиадасында спортшылардың жоғары дәрежеде өнер көрсетуі үшін іріктеу кезеңінде барлық ережені сақтау. Көптеген іріктеу турнирінің кейінге шегерілуі немесе өтпей қалуына байланысты Токио Олимпиадасына келесі іріктеу кезеңінде өзгеріс енгізілуі мүмкін. Ол туралы алдағы уақытта толығырақ хабарланатын болады.

17 наурыз күні халықаралық федерация Халықаралық Олиипиада комитетімен қазіргі жағдайға байланысты алдағы жоспарды талқылау мақсатында онлайн конференц ұйымдастырып, "Токио-2020"  және басқа да ұлттық федерациялармен байланысқа шықты.

Нәтижесінде, жоспарланған жоспар бойынша Олимпиада ойындарына дайындықты үдететін болды. Халықаралық Олимпиада комитеті қазіргі таңда үлестірілген жолдамалар тиісті ұлттық Олиипиада комитеттерінде сақталады, ал қалған жолдаманы үлестіру мақсатында белгіленген арнайы іріктеу турнирлері қауіпсіз әрі әділ өтеді деп атап өтті.

Садақ ату халықаралық федерациясы атқарушы комитеті барлық әлемдік додаларды 16 наурыздан бастап тоқтатқан болатын. Жиында Токио Олиипиадасына іріктеу турнирі болып саналатын Пан-Америка, Океания және Еуропа пара-чемпионаттары туралы да сөз қозғалды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу