Садақ атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі де, чемпионат та бір қалада өтеді

767

Аталған жарыс биылғы маусымның соңғы додасы болмақ.   

Садақ атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі де, чемпионат та бір қалада өтеді

Садақ атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі АҚШ-та өтетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Финалдық ойын 29-30 қыркүйек күндері АҚШ-тың Янктон аймағында ұйымдастырылады.

Айта кетерлігі, дәл осы Янктонда 19-26 қыркүйекте садақ атудан әлем чемпионаты өтеді. Ұйымдастырушылар екі жарыстың бір жерде өткізілуін қатысушылардың, атап айтқанда спортшылардың қауіпсіздігі үшін деп түсіндірді. Дәлірек айтқанда, көшуге байланысты мәселенің азайтатынын айтқан. 

АҚШ-та тұңғыш рет қос жарыс бір жерде өтеді. Сондай-ақ, Янктонда садақ атудан бүкіләлемдік конгресс те ұйымдастырылады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу