Садақ атудан Алматы облысы бірінші орын алды

1878

Жабық ғимараттағы садақ атудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды.  

Садақ атудан Алматы облысы бірінші орын алды

4-11 ақпан аралығында Темуртау қаласында садақ атудан жасөспірімдер мен ересектер арасында жабық ғимараттағы Қазақстан біріншілігі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz

Классиалық садақ ату, ерлер:

1. Денис Ганькин (Талдықорған)

2. Ильфат Абдуллин (Талдықорған)

3. Сұлтан Дүзелбаев (Талдықорған)

Классикалық садақ ату, әйелдер: 

1. Фарида Тукебаева (Талдықорған)

2. Александра Воропаева (Шымкент)

3. Гаухар Игібаева (Ақмола облысы)

Блоктық садақ ату, ерлер: 

1. Ақбарәлі Қарабаев (Шымкент)

2. Рустам Қарабаев (Шымкент)

3. Павел Фишер (Алматы)

Блоктық садақ ату, әйелдер: 

1. Диана Макарчук (Талдықорған)

2. Нина Дударева (Алматы)

3. Виктория Лян (Алматы)

Классикалық садақ атудан командалық сында Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин және Санжар Мұсаев намысын қорғайтын Алматы облысы топ жарды. Әйелдер арасында Александра Воропаева, Анастасия Туркина және Диана Тұрсынбектен құралған Шымкент командасы озып шықты. 

Блоктық садақ атудан командалық бәсекеде талдықорғандықтар тағы да жеңіске жетті. Бұл жолы Артем Ганькин, Сергей Христич, Нұр Ыбыраевтар алтын жүлде иеленген. 

Әйелдер арасында Талдықорған қаласының атынан келген Адель Жексенбинова, Диана Макарчук және Мария Филько үштігі алтын жүлдегер атанды. 

Жалпыкомандалық есепте Алматы облысы бірінші, Алматы қаласы екінші, Шымкент қаласы үшінші орынға табан тіреді.     
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу