Садақ атудан Азия кубогінде қазақстандықтар тағы үш медаль алды

716

Азия кубогі бүгін өз мәресіне жетеді. 

Садақ атудан Азия кубогінде қазақстандықтар тағы үш медаль алды

Тайландтың Бангкок қаласында өткен садақ атудан Азия кубогі додасында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты, деп жазады Olympic.kz. 

Блоктық садақ атудан командалық сында ерлер және әйелдер командасы қола жүлдеге ие болды. 

Сондай-ақ, блоктық садақ атудан жекелей сында финалға шықан Рустам Қарабаев турнирдің күміс жүлдегері атанды. 

Осыдан бір күн бұрын садақ атудың олимпиадалық жүйесі бойынша Санжар Мұсаев қола медаль иеленген болатын. 

Азия кубогі бүгін өз мәресіне жетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу