Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Антальядағы іріктеу турниріне қатысады

177

Іріктеу турнирі 13-17 маусым аралығына жоспарланған.

Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Антальядағы іріктеу турниріне қатысады Фото: Olympic.kz

Түркияның Анталья қаласы садақ атудан Олимпиадаға жолдама беретін іріктеу бәсекесін қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, спортшылар турнир барысында 14 жолдамаға таласады.

Шешуші сайысқа садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы қатысады. Атап айтар болсақ, Алина Ілиясова, Диана Тұрсынбек және Елизавета Авдеевалар өз мүмкіндіктерін сынап көреді.

Іріктеу турнирі 13-17 маусым аралығына жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы садақ атудан Азия кубогында жүлдегер атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу