Садақ атудан Қазақстан чемпионатына жүзге жуық спортшы қатысады

509

Турнирге еліміздің сегіз өңірінен жүзге жуық спортшы қатысады.  

Садақ атудан Қазақстан чемпионатына жүзге жуық спортшы қатысады

Ертең Алматы облысындағы "Ақ-Бұлақ" олимпиадалық орталығында садақ атудан кезекті ел чемпионаты басталады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ұйымдастырушылар коронавирус індетіне байланысты жарыс ережесіне көптеген өзгертулер енгізді. 

Атап айтар болсақ, Қазақстан біріншілігінің салтанатты түрде ашылу және жабылу салтанаты өткізілмейді. Сондай-ақ бапкерлер мен спортшылар қатысуымен баспасөз мәслихаттары ұйымдастырылмайды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімінде де барлық талаптар сақталады. Турнирге қатысатын спортшылардың ПТР-тесті теріс нәтиже көрсетуі керек. Тест оң нәтиже көрсеткен жағдайда спортшы жарысқа қатыстырылмайды. 

Әр команданың қасында өз дәрігерлері жүреді. Олар қатысушылардың денсаулығы туралы ұйымдастырушыларға хабарлап отыруға міндетті. 

Чемпионаттың финалдық кезеңі 3 қарашаға жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу