Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Тайланда Азия кубогінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық садақ түрінен командалық жарыстың финалына шықты. Отандастарымыз финалда Үндістан құрамасымен кездеседі.
Қазақстан құрамасы сапынан Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев және Дәулеткелді Жаңбырбай бақ сынап жатыр.
Айта кетерлігі, финалдық бәсеке 19 наурыз күні өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу