Садақ атудан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандықтар өнер көрсетті

928

Қазақстандық садақ атушылар Нидерландының Хертонгебосе қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлделер мен олимпиадалық лицензиялар үшін талас жүргізіп жатыр.

Садақ атудан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандықтар өнер көрсетті Фото: olympic.kz

Olympic.kz кезекті жарыс күніндегі олардың көрсеткен нәтижелерін  ұсынады.

Ерлер құрамасының классикалық садақ атудан 1/8 финалына шығуы маңызды нәтиже болып отыр. Енді олар АҚШ мергендерімен кездеседі.

Жекелей сында Ильфат 1/24 финалына дейін жетті. Алдымен ол канадалық Брайан Максвеллді жеңіп, жарыс қожайыны  Рик Ван де Венмен кездесті. Алайда қарсыласына 4:6 есебімен жол берді.

Денис Ганькин кипрлық Мимис Эль Хелали 6:2 нәтижесімен жеңіп, 1/24 финалында Үндістан өкілі Дас Атанудан 6:4 есебімен басым түсті. Денис келесі айналымда француз Пьер Плихонмен кездеседі.

Санжар Мұсаев 1/48 финалында өзбекстандық Зокиржон Гафуров 6:2 есебімен, одан кейін украиналық  Юрий Хавелконы 6:0 нәтижесімен ұтты. Келесі кезеңде Санжар кореялық спортшы Ли Сюнджунмен жолығады.

Әйелдер бәсекесінде Алина Ілиясова 1/24 финалда түрік садақшысы Анагоз Ясеминнен 2:6 есебімен жеңілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу