Садақ атудан жастар арасындағы үздіктер анықталды

506

Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан "Ақбұлақ" олимпиадалық базасында өтіп жатқан ел біріншілігі 4 қарашаға дейін жалғасады. 

Садақ атудан жастар арасындағы үздіктер анықталды

Алматы облысында садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. Жарыстың алғашқы күнінде классикалық санат бойынша жастар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды.

Ұлдар арасында Түркістан облысының өкілі Андрей Кузьмин үздік атанды. Алматы облысының спортшысы Бақтұр Смағұл екінші орыннан көрінсе, Қарағанды облысының садақшысы Андрей Горшков үздік үштікті қорытындылады.

Ал қыздар арасында шымкенттік Диана Тұрсынбек бірінші, елордалық Анастасия Шапалова екінші болды. Алматылық Евгения Букина үшінші орынға жайғасты.

Айта кетерлігі, Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан "Ақбұлақ" олимпиадалық базасында өтіп жатқан ел біріншілігі 4 қарашаға дейін жалғасады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу