Садақа жәшіктеріндегі ақшамен байығысы келген алаяқ ұсталды

968

Шымкентте қайырымдылық қорының мүшесімін деп, 60 дүкендегі садақа жәшігіндегі ақшаны үптеп кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Садақа жәшіктеріндегі ақшамен байығысы келген алаяқ ұсталды

Шымкент қаласы Абай АПБ-ға “102” сымтетігі арқылы қайырымдылық қорының өкілі арызданған. Ол өз шағымында қордың атын жамылған белгісіз азаматтың 60 сауда нүктесінде орналасқан жәшіктердегі қаражатты заңсыз жолмен иеленгенін көрсетті. Яғни, ол сатушыларға өзін аталған мекеменің қызметкері ретінде таныстырып, сеніміне кіріп, 300 мың теңгеге жуық ақшаны жымқырған.

Күдікті жалдамалы пәтердің бірінен ұсталып, қамауға алынған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу