Сәді-Бек Түгел дауыс беруге жұбайымен және немересімен келді

869

Президенттікке үміткер ел астанасында таңдауын жасады.

Сәді-Бек Түгел дауыс беруге жұбайымен және немересімен келді

Президенттікке үміткер Сәді-Бек Түгел Нұр-Сұлтан қаласындағы №136 сайлау учаскесінде дауыс берді. Сайлау учаскесі мамандандырылған "Дарын" лицейінде орналасқан.

Ол дауыс беруге жұбайымен және немересімен келген.

Еске сала кетейік, Сәбі-Бек Түгел республикалық "Ұлы Дала Қырандары" қоғамдық бірлестігінің атынан кандидат ретінде ұсынылған болатын.

Бұған дейін президенттікке үміткерлер арасынан Қасым-Жомарт Тоқаев, Жамбыл Ахметбеков және Амангелді Таспихов дауыс берді.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу