Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) өзінің кәсіби рингтегі кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Монералда Ахмедов аргентиналық Хосе Вильялобоспен (12-5-2, 7 КО) кездесті. Садриддиін жетінші раундта қарсыласы терең нокаутқа жіберіп жеңімпаз атанды.
Жеңіліп көрмеген қазақстандық үшін бұл 2019 жылғы 5-ші жекпе-жек болатын. Садриддин олардың 4-уін мерзімінен бұрын аяқтады. Ахмедовтің осымен кәсіби рингте 11 жеңісі бар және ол өзінің жеңісті жолынан жаңылмай келеді. Ал Вильялобос үшін бұл алтыншы жеңіліс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу