"Әнұранды жаңартқанның несі айып? Қазіргі әнұран осыдан 33 жыл бұрын, ең алғаш тәуелсіздік алған кезде жазылған. Авторлар азат, тәуелсіздік алғанымызды, халық тағдыры солардың қолында екенін, алға ұмтылу керектігін қуанышпен, толқумен жазды. Қазір біз мемлекет ретінде толықтай қалыптастық. Біз әлемге танылдық. Сонда 100 жылдан кейін де тәуелсіз ел болдық деп жырлаймыз ба? Тәуелсіз мемлекетпіз, бес мың жылдық тарихы бар халықпыз, жастардың, болашақ ұрпақтың рухын көтеретін Әнұран неге жазбасқа?" – деді Жапаров.
Алайда, оның айтуынша, қазіргі әнұран да ұмытылмауы керек. Ол мұрағатта бірінші әнұран ретінде сақталады.
Президент кейбір адамдардың мемлекеттік туды өзгертуге қарсы болғанын еске салды.
"Қазіргі ту нашар ма? Бұрынғыдан жақсы. Ол күнбағысқа да, ағаш кесетін араға да ұқсамайды. Енді туға қараған адам оның күн екенін бірден түсінеді", – деді Жапаров.
Бұған дейін Қырғызстан парламентінің спикері Нұрланбек Шәкиев мемлекеттік әнұранның мәтінін өзгерту қажеттігін мәлімдеген болатын. Оның ойынша, Әнұран әмбебап, ырғақты болуы керек, оны үлкен-кіші барлық азаматтар кез келген уақытта, кез келген жағдайда оңай орындай алуы керек.
"Сіз 5 жастасыз ба, 90 жастасыз ба маңызды емес, әнұран барлығына қолжетімді әрі түсінікті болуы керек", – деді Шәкиев.