Садыр Жапаров алғашқы іссапарын Ресейден бастамақ

1159

Қырғыз көшбасшысы Ресей тарапымен табиғи газ бағасын төмендету мәселесін талқыламақ.

Садыр Жапаров алғашқы іссапарын Ресейден бастамақ Фото: rbc.ru

Садыр Жапаров президенттік қызметін Қырғызстанда орыс тілінің ресми мәртебесі сақталатынын жариялаумен бастап еді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де Ресей Қырғызстанның "одақтас, жақын серіктесіне" айналғанын, екі ел арасында бауырластық қарым-қатынас орнағанын, сондықтан "Ресеймен арадағы жоғары дипломатиялық қатынастар жалғасатынын айтқан болатын. Сонымен қатар "барлық қырғызстандықтар Ресейсіз өте қиын болатынын білетінін, өйткені экономикалық, геосаяси тұрғыда Ресей – елдің басты одақтасы және серіктесі" екенін мәлімдеген. Енді міне, алғашқы іссапарын да Ресейден бастамақ.

Жапаровтың Ресейге аттанатыны туралы парламенттің аграрлық саясат, экология және су ресурстары комитетінің отырысында белгілі болды.

"Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейден бастауға ниетті",– вице-премьер Равшан Сабиров.

Сабировтың айтуынша, сапар барысында қырғыз көшбасшысы Ресей тарапымен табиғи газ бағасын төмендету мәселесін талқыламақ.

Еске сала кетсек, 10 қаңтарда Қырғызстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау мен басқару формасын таңдау туралы референдум өтті. Саяси додаға 17 үміткер қатысып, дауыстың шамамен 79%-ын Садыр Жапаров жинады. Президенттік басқару формасын азаматтардың 80%-дан астамы қолдады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу