Садыр Жапаров: Асқар Ақаев халық алдында жіберген қателіктерін түзетті

1762

Қазір "Құмтөрмен" бітімгершілік келісімге қатысты құжаттарға қол қою туралы келіссөздер жүргізілуде. 

Садыр Жапаров: Асқар Ақаев халық алдында жіберген қателіктерін түзетті

Қырғызстанның бұрынғы Президенті Асқар Ақаев өз қателіктерін халық алдында түзетті. Елдің қазіргі басшысы Садыр Жапаров осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, қазір "Құмтөрмен" бітімгершілік келісімге қатысты құжаттарға қол қою туралы келіссөздер жүргізілуде.

"Көктемге дейін бұл процесті аяқтаймыз. "Құмтөр" бізге ауысты. Асқар Ақаевтың айғақтарының арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздік. Қысқасы, ол өз қателіктерін халық алдында түзетті. Сонымен қатар басқа да саясаткерлер мен шенеуніктерден жауап алу кезінде алынған ақпарат та оң ықпалын тигізді. Бұған қатысты мәліметті кейін егжей-тегжейлі айтып беремін", – деді Садыр Жапаров.

8 шілдеде Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчибек Ташиев республиканың бұрынғы Президенттері Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевке "Құмтор ісі" бойынша халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. Сондай-ақ Қырғызстанның бұрынғы Премьер-Министрлері Апас Жұмағұлов, Өмірбек Бабанов және Игорь Чудинов, Бұрынғы мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбековтың ағасы, Парламенттің экс-спикері Асылбек Жээнбеков және Бакиевтің кіші ұлы Максим Бакиевке іздеу жарияланды. 

Асқар Ақаев 1991-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті болды. Халық оның отставкасын талап етіп, митингке шыққаннан кейін ол қызметінен кетті. 2005 жылдан бері ол Ресейде тұрады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу