Садыр Жапаров дәл туған күнінде шенеуніктерге өзіне сыйлық беруге тыйым салды

485

Бүгін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров 55 жасқа толды.

Садыр Жапаров дәл туған күнінде шенеуніктерге өзіне сыйлық беруге тыйым салды Фото: РИА Новости

Дәл туған күнінде шенеуніктерге өзіне сыйлық беруге тыйым салды. Бұл туралы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Президент бәрімізге қандай да бір сыйлық, марапат, мақтау-мадақтауға тыйым салды. Ол өте қарапайым адам. Жапаров үш жылдың ішінде халқымыздың өзін президент етіп сайлағанда қателеспегенін дәлелдеді", - деді Байсалов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу