Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров ЕАЭО елдерінің көшбасшыларын өзара тиімді әріптестік үшін аянып қалмауға шақырды, деп жазады inbusiness.kz "Интерфакс-Қазақстанға" сілтеме жасап.
"Біздің отырыс әлемдегі қаржылық және экономикалық турбуленттілік жағдайында өтіп жатыр. ЕАЭО-ге мүше елдердің экономикасына үлкен жүктеме түскені байқалады. Мұндай қиын жағдайларда елдеріміз арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестік үшін қолдан келгенімізді жасау өте маңызды", - деді Қырғыз елінің басшысы.
Садыр Жапаровтың айтуынша, одақтың дамуының негізі еуразиялық интеграцияға шынайы берілгендік болмақ.
Айта кету керек, осыған дейін Қырғызстанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы басталғанын жазған болатынбыз.