Садыр Жапаров: Елдегі барлық саяси ойындар аяқталды

745

Ол түрлі санкциялардың салдары Қырғызстанға да әсер етіп жатқанын айтты.

Садыр Жапаров: Елдегі барлық саяси ойындар аяқталды

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров елдегі барлық саяси ойындардың аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2022 жыл – саяси ойындар кезеңі емес, экономика кезеңі!", – деді ол 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша өткізілген министрлер кабинетінің отырысында.

Жапаров өткен жылы конституциялық өзгерістермен бірге барлық салаларды дамытуға қатысты жарлықтар, нормативтік-құқықтық актілер қабылданғанын атап өтті.

"Біз мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесіне көштік. Сайлау өткізілді. Қырғызстан бүкіл әлеммен байланыста. Біз әлемнің дамуымен қатар келеміз. Жаһандық пандемия мен түрлі санкциялардың салдары бізге де әсер етті. Біз халықаралық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз", – деді Қырғызстан президенті.

Мемлекет басшысы жаһандық өзгерістер мен әлемдік экономикалық орталықтың шығысқа қарай ығысуы кезінде жаңа логистикалық дәліздерді дамыту мен толыққанды көлік қатынасын қамтамасыз ететін көлік жүйелерін құру басты назарда болатынын алға тартты.

"Қырғызстан қазір қолайлы жағдайда. Теміржол және авиация инфрақұрылымын салу жағы күшейтіледі", – деді ол.

Жапаров өз сөзінде елдің экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігер мен ресурстарды біріктіру керектігін айтты.

Табиғат Нұрболат

Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу