Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің жалақысын 2026 жылға дейін арттыруға мораторий енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
24.kg жазуынша, тиісті құжат үкіметтік "Эркин-Тоо" газетінде жарияланған.
"Жарлықпен мемлекеттік ведомстволар, комитеттер қызметкерлерінің, өңірлердегі Президенттің уәкілетті өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті әкімшіліктердің шенеуніктерінің жалақысын көтеруге мораторий енгізілді".
Сонымен қатар, 2026 жылға дейін елде мемлекеттік органдардың штатын кеңейтуге тыйым салынады.
Құжатта ерекше жағдайларда шектеулер алынып тасталуы мүмкін деген ескерту бар.
Бірақ қандай да бір ведомство қызметкерлері санының өзгеруі және шенеуніктердің жалақысын арттыру республика басшысының арнайы шешімі негізінде ғана жүргізілетін болады.