Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Астанаға жұмыс сапарымен келді

157

Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Астанаға жұмыс сапарымен келді Фото: Ақорда

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бүгін, 17 қыркүйекте Орталық Азия мемлекеттері басшылары және Германия Федералдық канцлерінің екінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғызстан президентінің ұшағы Қазақстан астанасының халықаралық әуежайына қонды.

Халықаралық әуежайда құрметті қарауыл жасақталды.

Президент Садыр Жапаровты Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. 

Еске сала кетсек, сапар барысында Президент Садыр Жапаров сондай-ақ Орталық Азия елдері басшыларының неміс кәсіпкерлерімен кездесуіне қатысады, неміс бизнес-қоғамдастығымен жеке кездесу өткізеді, Германия Федералдық канцлері Олаф Шольцпен екіжақты келіссөздер жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу