Садыр Жапаровтың Facebook-тегі парақшасын біреулер "ұрлап" алды

1054

Оның баспасөз хатшысы парақша атынан жазылған пікірлерге президенттің ешқандай қатысы жоқ екенін мәлім етті. 

Садыр Жапаровтың Facebook-тегі парақшасын біреулер "ұрлап" алды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын белгісіз біреулер бұзып алған, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Галина Бәйтеректің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Президент Садыр Жапаровтың Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасын белгісіз біреулер иемденіп алды. Олар осы парақшаның атынан түрлі посттардың астында комментарий жазған", – дейді Бәйтерек.

Оның айтуынша, жазылған бұл пікірлерге президенттің ешқандай қатысы жоқ.

"Садыр Жапаров қоғамда айтылған барлық пікірлерге, соның ішінде сыни пікірлерге құрметпен қарайды, сондықтан мұндай мәлімдемелерге ешқашан жол бермес еді", – деп басып айтты Бәйтерек.

Табиғат Нұрболат

Фото: kabar.kg

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу