Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады. АҚШ-тың Невада штатындағы Ринода өткен бокс кешінде отандасымыз америкалық Ноэль Эскуэданы жеңді, деп хабарлайды vesti.kz.
24 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Сағадат өткен жылдың күзінен бастап АҚШ-та Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов және Асхат Уәлихановпен бірге жаттығу жұмыстарын жүргізген еді.
Сағадат әуесқой бокста 69 кг-ға дейінгі салмақта жұдырықтасты. 2013 жылы ел чемпионы атанды. Араға бір жыл сала күміс жүлдені жеңіп алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу