Сағадиев жатақханалардың мерзімінен бұрын салынатынын айтты

681

Сағадиев жатақханалардың мерзімінен бұрын салынатынын айтты

Студенттік жатақханалар құрылысы мерзімінен бұрын пайдалануға беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгінде 65 мың орынға арналған жермен қамтамасыз етілген ЖОО-лар тарапынан өтініштер келіп түсті. Бағдарлама бойынша ЖОО-лар мен колледждері бар әр қалада жатақханалар құрылысын мерзімінен бұрын орындаймыз. Бізге көптеген ұсыныстар келіп түсті. Осы орайда құрылыс жоспарын әзірлеп қойдық, сондай-ақ қаржыландыру жоспарын пысықтап жатырмыз", - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта кейбір заңнамалық өзгерістерді қабылдау қарастырылып отыр. "Қазіргі кезде заң жобасы Мәжілісте. Құжат қабылданғаннан кейін біз бірқатар нормативтік актілерді қабылдаймыз. Қыркүйекте немесе жаз айларында бірнеше қалаларда жатақханалардың құрылысын бастаймыз", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында ҚР gрезиденті Бес әлеуметтік бастама аясында 75 мың орынға арналған жатақхана құрылысын жүзеге асыруды тапсырған болатын. 2022 жылға дейін еліміз бойынша қажетті жатақханаларды салу көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу