"Саған жылауға болмайды" — Ердоған шатырды паналап жүрген баланы жұбатты

2154

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісі болған аймақ тұрғындарымен кездесіп, олардың жағдайларын білуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты trthaber-ге сілтеме жасап. 

"Саған жылауға болмайды" — Ердоған шатырды паналап жүрген баланы жұбатты Фото: trt.haber

Мемлекет басшысы ұлтшыл қозғалыс партиясының төрағасы Девлет Бахчелимен бірге Османие қаласының тұрғындарымен кездесті.

Шатырды паналаған халықпен жүздесіп, олардың жағдайын білді. Сол кезде мектеп жасындағы бала Ердоғанды құшақтап жылап жіберді. Президент оған жылауға болмайтынын айтып, екі бетінен кезек-кезек сүйді. Содан кейін нешінші сыныпта оқитынын, оқу үлгерімі қалай екенін сұрады. Ол 2-сынып оқушы әрі сабағы да жақсы екенін айтты.

Ар жағынан: "Өзі сезімтал, оның үстіне сізді қатты жақсы көреді" деді бейтаныс әйел. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу