Сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты құзырлы министрлік халыққа ұсыныс тастады

392

2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. 

Сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты құзырлы министрлік халыққа ұсыныс тастады Фото: gov.kz

Цифрлық даму министрлігі сағат белдеуінің өзгеруіне қатысты ұсыныстарды жариялады. Көптеген пайдаланушы ұялы телефондар мен құрылғылардың ақпараттық жүйелерінен Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшу туралы хабарламаларды ала бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға оларды жаңарту және жаңа уақыт белдеуіне уақтылы көшу бойынша әмбебап нұсқаулықтарды ұсынады.

"Бұл хабарламаларды алмаған азаматтар олардың жоқтығына алаңдамауы керек. Құрылғының бағдарламалық жасақтамасын соңғы нұсқаға дейін жаңарту қажет. Құрылғыда автоматты жаңарту қосулы болса, уақытты автоматты анықтау параметрлерде қосылған және интернетке қосулы болған жағдайда, уақыт автоматты түрде өзгереді, егер болмаса, оны қолмен өзгерту керек", - делінген министрлік хабарламасында. 

Жалпы ұсыныстар: 

интернет байланысын тексеріңіз. Уақытты автоматты түрде жаңарту үшін құрылғы желіге қосулы болуы керек.

уақытты автоматты түрде жаңартуды қосыңыз. Көптеген құрылғылар онлайн уақыт қызметтерін пайдаланып күн мен уақытты автоматты түрде жаңартуға мүмкіндік береді.

құрылғыны қайта іске қосыңыз. Кейде өзгертулер күшіне енуі үшін қайта іске қосу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу