Сағатын жағалауға жасырып, жүлде жариялаған блогер жауапқа тартылды

1450

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауына адамдардың көптеп жиналуына себепкер болған блогерге айыппұл салынбақ. Бұл жөнінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау кормитетінің мүшесі Ержан Байтанаев хабарлады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Сағатын жағалауға жасырып, жүлде жариялаған блогер жауапқа тартылды

Instagram парақшасында "Қарапайым қазақ" деген атпен белгілі Нұрдәулет деген блогердің парақшасында 2 млн жазылушы бар екен. Ол сторисінде Ақтаудағы 15 ықшамауданда танымал брендтің сағатын жасыратынын, тапқан адамға жүлдесі барын жазады. Көп ұзамай жағалау сағат іздеген адамдарға толып кеткен. 

Полицейлер бұл дерек бойынша карантин талабын бұзған блогермен профилактикалық әңгіме өткізіп, материалдарды СЭС мекемесіне жіберген. Ол кінәлі деп танылған жағдайда ҚР Әкімшілік Кодексінің 425 бабына сәйкес 30-230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, бұл 87 510 – 670 910 теңге аралығындағы сома.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу