Сағынтаев алматылық әйелдің жұмысқа тұру тарихы туралы айтты

1118

Алматыда биыл 56 мың жұмыс орны құрылады.

Сағынтаев алматылық әйелдің жұмысқа тұру тарихы туралы айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында мегаполисте жұмысқа тұру жүйесінің қалай атқарылатыны туралы бейнеролик жариялады.

Бейнероликте келтірілген мәлімет бойынша, биылғы жылы қалада 56 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Оның ішінде 25 мың жұмыс орны "Жұмыспен қамтудың Жол картасы" бағдарламасы бойынша. Осы бағдарлама аясында жол жөндеу, қоғамдық кеңістіктер мен басқа да орындарды абаттандыру жобалары жүзеге асатын болады.

"Жұмыс іздеген қала тұрғындары қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. "Екі қолға бір күрек іздеген" 27 мың азаматтың 13,5 мыңы жұмыспен қамтылды. Олардың ішінде күзет компаниясына жұмысқа тұрған Дина Ерекешова бар", –деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Роликте баяндалғандай, Д. Ерекешова көп уақыт бойы жұмыс таба алмайды. Содан Жұмыспен қамту орталығына жүгінуді жөн көріп, аталған мекемеге барады. Мұнда ол қажетті барлық кеңестерді алады және ұсынылған бос орындардың ішінен өзіне керектісін таңдайды. Қазіргі кезде алматылық әйел күзет агенттігенде әкімгер болып жұмыс істеуде.

"Біздегі "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында үш бағыт бар: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі", – деп хабарлады Алматы әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу