Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарын үйде қалуға және айрықша қажеттілік болмаса көшеге шықпауға шақырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Шектеу шараларын күшейту, әсіресе қалада жүріп-тұруды доғару шаралары бәрімізге қатысты. Басты мақсат – ауа-тамшы жолымен берілетін коронавирустың белең алып кетпеуіне тосқауыл қою. Аса қажеттілік туындамаса, үйден шықпаңыздар. Карантин кезінде оқшауланып, үйіңізде отырсаңыз, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпті індетті жұқтырудан сақтайсыз", – деп жазды қала әкімі Instargam –дағы парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу