Сағынтаев Атырауда жатақхана мәселесі қалай шешіліп жатқанын тексерді

850

Сағынтаев Атырауда жатақхана мәселесі қалай шешіліп жатқанын тексерді

Бүгін Атырау облысына жұмыс сапарымен барған ҚР премьер-министрі Д. Нұрпейісова атындағы Атырау музыкалық колледжінің бас ғимаратына барып, салынып жатқан студенттер жатақханасын тексерді.

Жалпы, Атырау облысында 25 колледж және 3 ЖОО бар. Білім алушылар саны — 29,6 мың адам, жатақханаларға жалпы қажеттілік көлемі —2300 орын.

Айта кету керек, колледждерге 960 орынға арналған 8 жатақхана салу бойынша жобалар жобалау сатысында тұр. Қазіргі таңда 200 орынға арналған екі жатақхана құрылысы басталды және тағы 250 орынға арналған екі жатақхана конкурстық рәсімдерді қорытындылау сатысында тұр. Құрылысты аяқтау мерзімі 2019 жылға жоспарланған.

Облыс ЖОО-ларына қажетті жатақхана орны — 850 орынды құрайды. 560 орын бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау биылғы жылдың екінші жартысына, ал 200 орын бойынша — 2019 жылға жоспарланып отыр.

Айта кетсек, 2019 жылдан бастап республикалық бюджетте құрылыс салушылардың инвестициялық және пайдалану шығындарын өтеуге қаражат қарастырылатын болады. Мемлекет тарапынан бір төсек орнына 82 АЕК түрінде (шамамен 197 мың теңге) қаражат бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу