Бақытжан Сағынтаев Баку-Тбилиси-Карс дәлізінің ашылуына қатысты

718

Бақытжан Сағынтаев Баку-Тбилиси-Карс дәлізінің ашылуына қатысты

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Бакуде (Әзербайжан) Баку-Тбилиси-Карс теміржол бағдарының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Сондай-ақ, шараға Түркия президенті, Өзбекстан премьер-министрі, Грузия премьер-министрі, Тәжікстан көлік министрі, Түркіменстан теміржол көлігі министрі қатысты. 

Ашылу барысында "Алтын балдақты" қағу символдық дəстүрі мен теміржол нұсқарын бұру рәсімі, сондай-ақ мемориалдық тақтаны ашу шарасы өтті.

"Баку-Тбилиси-Карс" бағдары Қазақстан үшін Түркияға, Оңтүстік Еуропа мен Жерорта теңізіне жол ашады. Сонымен бірге, аталған бағыт Транскаспиийлік халықаралық көліктік бағдардың жетекші инфрақұрылымдық жобасы болып табылады. 

Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде жаңа теміржолдың Орталық Азия аймағында транзиттік-көліктік және логистикалық әлеуетін арттыруда толыққанды маңызға ие екендігін атап өтті.

"Қазақстан Еуразияның нақ ортасында орналасқан. Өз тарапынан біздің мемлекетіміз Еуропа мен Азия аралығындағы трансқұрлықтық жүк тасымалын дамытуда белсенді жұмыс атқарып келеді. Біз Баку-Тбилиси-Карс теміржолының салынуына алғашқылардың бірі болып қолдау білдірдік. Бұл шешімді Әзербайжан, Түркия, Грузия мемлекеттері Қазақстан мен Қытайдың қолдауымен қабылдаған болатын. Нақты осы шешімнің Астанада қабылдануы өте маңызды оқиға деп білеміз", - деді ҚР үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу