Сағынтаев: Блокпостар алынғанымен, санитарлық қауіпсіздік талабы сақталады

750

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram әлеуметтік парақшасында жазды.  

Сағынтаев: Блокпостар алынғанымен, санитарлық қауіпсіздік талабы сақталады

Алматыда 1 маусымға қараған түні қала бойынша орналасқан барлық блокпостар алынады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сондай-ақ ол блокпостарда жұмыс істеген барлық қызметкерлерге алғыс айтты.

"1 маусымға қараған түні қала бойынша аумағы бойынша орналасқан блокпостарды аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл – коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажетті шара болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін", – деді Сағынтаев.

Оның айтуынша, елде, соның ішінде Алматыда жағдайдың тұрақтануына байланысты шектеу алынады. Бақытжан Сағынтаев барлық кәсіпорындар мен ұйымдар санитарлық қауіпсіздіктің күшейтілген шаралары негізінде жұмыс істейтінін еске салды. Үйлерді, аула алаңдары мен көшелерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізіле береді.

"Белгіленген тәртіпке бағынып, санитарлық гигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс маскаларын киіп жүруге шақырамын. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!", – деп жазды қала әкімі.

Айта кетейік, осыған дейін қаладағы блокпостардың алынатыныны хабарланған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу