Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Серафима Саханович Алматыда өткен Денис Тен мемориалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қысқа және еркін бағдарламаларда көрсеткен нәтижелері бойынша ол 184,45 ұпай жинаған. Екінші орынды тағы бір ресейлік мәнерлеп сырғанау шебері Анастасия Гулякина алды. Оның нәтижесі – 175,29. Үздік үштікті Болгариядан келген Александра Фейгин 171,09 ұпаймен қорытындылады.
Қазақстандық Айза Мамбекова 129.02 ұпай иеленіп 10-шы орынға жайғасты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу