"Сахара шөлін жалаңаяқ кесіп өткен": Испан футболшысы мундиалдың алтын медалін анасының мойнына тақты

Биылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Нико Уильямс осындай әсерлі іс-әрекетімен жанкүйерлердің жүрегін елжіретті.   

"Сахара шөлін жалаңаяқ кесіп өткен": Испан футболшысы мундиалдың алтын медалін анасының мойнына тақты Фото: бейнежазбадан

Білетіндер бұл оқиғаның астарында ерекше тағдыр жатқанын еске салады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Футболшының ата-анасы 1990 жылдардың басында жайлы өмір үшін Ганадан Испанияға қауіпті жолмен қоныс аударған. Олар босқындармен бірге Сахара шөлін жаяу әрі жалаңаяқ кесіп өткен көрінеді. Сол кезде анасы Мария үлкен ұлы Инакиге жүкті болса керек-ті. 

Нико кейін бұл медалді анасына сыйлауының себебін оның отбасы үшін жасаған жанқиярлық еңбегімен байланыстырып отыр. Оның сөзінше, бүгінгі жетістігінің негізінде ата-анасының төзімі мен құрбандығы жатыр.

Бұған дейін Роналдудың да, Мессидің де қолы жетпеген кубокты испаниялық фуболшының пакетке салып әкеткенін жаздық.

Сондай-ақ, "Месси сәби кезінде шомылдырған Ямалмен 19 жылдан соң мундиальдың финалында кездесті" деген тақырыпта да материал жарияланды. https://inbusiness.kz/kz/news/messi-sabi-kezinde-shomyldyrgan-yamalmen-19-zhyldan-son-mundialdyn-finalynda-kezdesti

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу