Бір қызығы, бұл балалардың пальма ағаштарының арасында шанамен сырғанауына мүмкіндік сыйлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, әлемдегі ең үлкен шөл – Сахарада қар жауып, тұрғындарды таң-тамаша етті. Аталған құбылыс шамамен он жылда бір рет ғана кездеседі.
10 наурыз күні төмен қысымды атмосфералық аймақ Пиреней түбегінен Солтүстік Африкаға қарай жылжып, өңірге ылғалды ауа әкелген. Синоптиктер болжағандай, осы ылғалды ауа суық ауа массаларымен түйісіп, қысқы күн райын қалыптастырып отыр. Сол себепті, ауа температурасы нөлден төмендеп, қар түскен.
Ал 11 наурызда қар негізінен Атлас тауларында және биік орналасқан басқа да аймақтарда жауды. Сонымен қатар, шөлдің шеткі бөліктерінде де ағараңдап қар түскені байқалды.
Weather.com порталының мәліметінше, дәл осы тау жоталары маңында Жерорта теңізінен келген ылғалды ауа массалары биіктікте суық ауамен түйіседі. Соның салдарынан шөлдің маңында да қар жаууы мүмкін саналады.
Десе де, мұнда қар ұзақ жатпайды. Бүгінде Солтүстік Африкада күн қайтадан ашылып, ауа температурасы айтарлықтай көтерілген. Сондықтан, жақын уақытта шөлде қардың қайта жаууы күтілмейді.