Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында ер адам сахнаға шығып алып, көрерменге қарай оқ атты. Бір адам қаза болып, 7 адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға жексенбі күні Йоханнесбург қаласының Hillbrow Theatre театрында концерт өтіп жатқан кезінде орын алған.
Сахнаға шығып кеткен белгісіз адам, микрофонды жұлып алып, ұрланған телефоны қайтарылмайынша, концерт өтпейтінін айтқан.
Қарсы болған көрермендерге оқ жаудырған ол, қашып үлгерген. Қазір қылмыскерді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу