Тағайындау туралы Өзбекстан басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған лауазымды бұрын мемлекет басшысының көмекшісі болған Саида Мирзиёева жетекшілік етеді.
2023 жылдың тамыз айынан бастап Саида Мирзиёева президенттің көмекшісі қызметін атқарып келді. Ал 2022 жылдың қараша айынан бастап ол Президент Әкімшілігі атқарушы аппаратының коммуникациялар және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі болды.
Саида Мирзиеева – Өзбекстандағы әлемдік экономика және дипломатия университетінің түлегі, Ташкент мемлекеттік заң университеті, сондай-ақ М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты.
Шавкат Мирзиёев былтыр тамыз айында Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің құрылымына реформа жасады. Кейін Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымы жойылды.