Президенттік сайлауға қатысатын кандидаттың қазақ тілін жетік меңгергенін анықтайтын ғалымдар белгілі болды. Осы мақсатта Орталық сайлау комиссиясы білім министрлігі және жетекші оқу орындарының ректорларымен бірнеше кеңес өткізді. Кеңестердің қорытындысы бойынша, лингвистикалық комиссия құрамына Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Серік Қасқабасов, Гүлтас Құрманбай және Ерден Қажыбек енді.
Айта кетсек, президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады. Ал сайлау күні 9 маусымға белгіленген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу