Сайлау-2021: Павлодар облысында 52 мыңнан астам адам ауыл әкімін таңдайды

964

Алғашқы бірнеше сағатта олардың 16% дауыс берді.

Сайлау-2021: Павлодар облысында 52 мыңнан астам адам  ауыл әкімін таңдайды

Бүгін 7:00-де Павлодар облысындағы 126 сайлау учаскесі жұмысқа кірісті. Елді мекендерде тұратын 52 мыңнан астам адам 44 ауылдық округ әкімін тікелей дауыс беру арқылы таңдай алады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолованың айтуынша, дауыс беру науқаны 130 елді мекенде өтеді. Ал сайлау кампаниясын 140 сайлау комиссиясы жүргізеді. Ауылдық округ әкімі атанудан 168 кандидат үмітті.

"Сайлау учаскелерінде 758 адам жұмыс істейді. Комиссиялардың 644 мүшесі вакцина қабылдады. Екпеге қарсы көрсеткіштері бар 114 комиссия мүшесі ПТР-тест тапсырып, олардың қорытындысы теріс болып шықты", - деді Гүлнар Аманжолова.

Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін хабарлады. Бүгін 1 мыңнан астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті бақылайды. Олардың қатарында 252 құқық қорғаушы сайлау учаскелерінің өзінде жұмыс істеуде.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының дерегі бойынша, сағат 10:00-де сайлаушылардың 16% дауыс беріп үлгерді. Тұрғындар сағат 20:00-ге дейін өз таңдауын жасай алады.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу