Сайлау-2022: 53 елде сайлау учаскелері ашылады

877

20 қарашада елде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді.  

Сайлау-2022: 53 елде сайлау учаскелері ашылады Фото: gov.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі 53 мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік және туристік мақсаттар бойынша жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады", – делінген ведомство ақпаратында.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес, ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру сайлау өткізілетін күні (2022 жылғы 20 қараша, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.

Бұдан бөлек СІМ шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскелеріне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұрады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу