Елімізде Президенттік сайлау басталды. Осы сағаттаған, яғни 07:00-ден бастап Қазақстанның дауыс беруге құқылы 11 млн 814 мың 19 азаматы үшін сайлау учаскелерінің есігі ашылуда.
Ресми ақпарға сәйкес, бүгін республика көлемінде 10 мыңнан астам сайлау бөлімшелері жұмыс істемек. Оның басым бөлігі ауыл-аймақтарда.
Бұл жолғы саяси дода бірден 7 кандидаттың арасында өтпек. Олардың арасында Президент сайлауына қатысушы тұңғыш әйел кандидат бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу