Сайлау бюллетенін әлеуметтік желіде жариялау да заңға қайшы – ҚР бас прокуратурасы

1352

Заң бойынша бұл да үгіт-насихаттың бір түрі саналады.

Сайлау бюллетенін әлеуметтік желіде жариялау да заңға қайшы – ҚР бас прокуратурасы

ҚР бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев сайлау кезіндегі құқық бұзушылықтар жайлы баяндады, деп хабарлайды elorda.info.

"Бүгін біз әлеуметтік желілерде өздерінің сайлау бюллетеньдерін суретке түсіріп жариялаған жағдайларды анықтадық. Бұл да үгіт-насихаттың бір түрі. Сайлау болатын және оның алдындағы бір күнде сайлауға қатысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге заң бойынша тыйым салынған. Мұндай әрекеттер анықталған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 102-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады", – деді ол.

Сондай-ақ бас прокурордың орынбасары сайлау күні және оған дейінгі бес күнде сайлауға қатысты халық арасында сауалнама жүргізудің де заңсыз екенін айтты.

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бабы бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сауал салу нəтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нəтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде жəне дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялау, сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізу жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу