"Сайлаудың өту барысы туралы қысқамерзімді мониторнг жасадық. Қазақстандағы сайлауға және оны сараптауға бұған дейін 6 рет қатысқанбыз. Айта кету керек, сайлау Қазақстандағы демократияның шынайылығын көрсетті. Сайлауда халық өз таңдауын жасап, жарқын болашаққа қадам басты деп ойлаймын", – деді ол.
Алтынбек Мамаюсуповтың мәлімдеуінше, тәуелсіз халықаралық байқаушылар сайлау барысында өрескел заң бұзушылықты анықтаған жоқ.
"Сайлауда үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенді болды. Бұл сайлаудың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға халықтың 63,3 %-ы қатысты. Бұл Еуропа елдеріндегі сайлаумен салыстырғанда үлкен көрсеткіш", – деді ТүркПА бас хатшысы.
Қанат Махамбет