Сайлау кезіндегі құқық бұзушылық туралы 30-дан астам іс сотқа жіберілді

1261

9 сайлаушыға тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін ӘҚБтК–нің 108–бабы бойынша айыппұл салынды. 

Сайлау кезіндегі құқық бұзушылық туралы 30-дан астам іс сотқа жіберілді

Сайлау кезеңінде прокуратура 36 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, сотқа жіберілді. Олардың 30-ы соттармен қаралды, 6-ы қаралуда, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Басқа адамдар үшін дауыс беру мүмкіндігін жасау мақсатында азаматтарға бюллетеньдер берген учаскелік сайлау комиссиясының 11 мүшесі ӘҚБтК-нің 110-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Оларға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

9 сайлаушыға тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін ӘҚБтК–нің 108–бабы бойынша айыппұл салынды. Негізінен олар отбасы мүшелері үшін бюллетеньдер алған. Бұл– Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары. Осындай 4 іс Жамбыл облысының мамандандырылған әкімшілік сотының қарауында.

Прокуратура органдарымен бірқатар БАҚ-та, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған бюллетеньдер салу мен өзге де бұзушылықтар туралы бейнежазбалар бойынша тексеріс жүргізілуде. Мәліметтердің көпшілігі расталмады.

Көптеген бейнежазбаларда оқиғалар болған учаскелер, аудан, қала, облыс туралы деректердің жоқтығына байланысты қалған фактілер бойынша жұмыстар одан әрі жалғасуда" деп жазылған бейсенбі күні таратылған хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа берілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу