Сайлау күні: 45 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді

519

19 наурызда елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.  

Сайлау күні: 45 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді Фото: facebook/daniyar.meirkhan

Сайлау күні қазақстандықтардың тыныштығын қамтамасыз ету үшін 45 мыңнан астам полиция қызметкері жұмысқа шығады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингтен кейін осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сайлау күні бүкіл ел аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 45 мыңнан астам полиция қызметкері жұмысқа шығады. Олардың белгілі бір бөлігі сайлау учаскелерінде тікелей тапсырмаларды орындайды. Ал қалған полицейлер көшедегі және сайлау учаскелеріне жақын маңдағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды. Қоғамдық тәртіпті қорғау тиісті деңгейде сақталады деп сенемін", - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу