Қазақстан бойынша Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатқанда елорда перзентханаларында 69 бала өмірге келіпті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты жазды.
"10 қаңтар – ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күні Нұр-Сұлтанда 69 бала дүние есігін ашты. Оның ішінде 34-і — қыз бала, ал қалған 35-і — ұл бала. Көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарының деректеріне сәйкес ақпарат ұсынылып отыр", - деп жазады әкімдік ресурсы.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу