19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына сайлау күні елімізде 609 кішкентай қазақстандық дүниеге келді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз, - делінген хабарламада.
Бүгін республиканың стационарларында емделіп жатқан пациенттер үшін емдеуге жатқызу орны бойынша дауыс беру үшін жағдайлар ұйымдастырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу