Сайлау күні Нұр-Сұлтанда түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтеді

840

Концерттер, танымал актерлердің қатысуымен бағдарламалар, спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

Сайлау күні Нұр-Сұлтанда түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтеді

"Астана" концерт залының алдындағы алаңда сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Нұр-Сұлтан мемлекеттік академиялық филармониясы солистерінің концерті өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Жастар" театры ғимаратының алдында сағат 11.00-де танымал актерлердің қатысуымен қызықты мәдени бағдарлама өтеді.

Сайлау учаскелерінде "Жұлдыздармен селфи" акциясы өтеді. Сайлаушылар "Қазақстан барысы" республикалық турнирінің қатысушылармен және танымал спортшылармен суретке түсе алады. Акцияға боксер Данияр Елеусинов және актер Тұрсынбек Қабатов қатысады. Сондай-ақ Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина, Алтынай Жорабаева секілді эстрада жұлдыздарының қолтаңбаларын алуға болады.

Сағат 10:00-де Ботаникалық бақ, қалалық, "Жерұйық" және "Жетісу" саябақтарында "Fitness Park Nur-Sultan" бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар өтеді. Олардың арасында CrossFit, йога, бокс, бразилиялық джиу-джитсу спорты және танымал Zumba биі бар.

8 және 9 маусымда "Қазақстан" спорт кешенінің жанында, Сауран көшесіндегі 7А және 5 үйлер арасындағы алаңда, сондай-ақ Қосшығұлұлы көшесі, 14 және 189, 5 мекенжайлары бойынша ауыл шаруашылығының жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге елорданың, Қарағанды облысы Абай ауданының, Ақмола облысы Целиноград ауданының, Қостанай облысы Арқалық қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу